29 - жасар өзбек шабуылшысы әрі «Ақтөбе» клубының ойыншысы Александр Гейнрих жазғы трансфер уақытында командадан кетуі мүмкін.
Футболшының келісім - шарт мерзімі жылдың аяғына дейін. Өзге де клубтардан шақырту алған Гейнрихтың командада қалу - қалмауы әзірге белгісіз. Қазіргі кезде футболшы өз елінде жүр.
Жақында ғана Оманға қарсы өткізген жолдастық кездесуде Өзбекстан ұлттық құрамасындағы соңғы ойынын өткізді. (Өзбекстан - Оман. Есеп : 0-1)
2012 жылдан бері Гейнрих «Ақтөбе» сапында 52 ойын өткізіп, 15 голдың авторы атанған.
Сурет: Sports.kz
Абылайхан ЖҰМАШ