Армениялық жартылай қорғаушы Генрих Мхитарян «Интерге» ауысу туралы шешім қабылдады. Футболшы келесі аптада медициналық тексерістен өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Еркін агент атанған 33 жастағы Генрих «Интермен» екі жылдық келісім-шартқа отырады, оның миландық клубтағы жылдық жалақысы 4,5 миллион еуроны құрамақ.
«Рома» сапында 2019 жылдан бері өнер көрсеткен Мхитарян команданың келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатыспауына байланысты келісім-шартын ұзартудан бас тартқан.
Өткен маусымда армениялық жартылай қорғаушы 44 ойында 5 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. 25 мамырда Мхитарян «Ромамен» Конференция лигасының жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: FONBET