“Интер” мен “Наполи” арасындағы Италия А Сериясының 10-тур матчында миландықтар үшін сәтсіз эпизод орын алды.
Кездесудің 30 минутында нерадзурри ойыншысы Генрих Мхитарян аяғын ауырсынып, алаңдағы орнын Петр Зелиньскиге босатуға мәжбүр болды. Ойын бойы “Интер” шабуылына серпін беріп келе жатқан тәжірибелі хавбэк дәрігерлердің көмегімен қосалқы құрамға аттанды.
Әзірге Генрих жарақатының деңгейі анықталуда. Армениялық жақын аралықта медициналық тексерістен өтуі тиіс. Сол кезде оның алдағы ойындарға қатысу мәселесі шешілетін болады.
Еске салсақ, “Интер” 6 қараша күні "Джузеппе Меаццада" алматылық “Қайратты” қонақ қылады.
Біздің серіктес: FONBET