Жарнама
Жарнама

Георги Зария: “Тарихи жеңіске сәл ғана жетпей қалдық.”

22.10.2025, 07:00

Чемпиондар лигасының үшінші турындағы “Қайрат” пен кипрлік “Пафос” арасындағы матч 0:0 есебімен аяқталды. Бұл ойын “Қайрат” тарихындағы алғашқы ұпайды сыйлағанымен, команда жеңіске жақын болған еді.

Жарнама
Жарнама

Ойыннан кейін “Қайрат” жартылай қорғаушысы Георги Зария Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кездесуден кейінгі әсерімен бөлісіп, командадағы болашағына да тоқталды.

“Бұл – біздің тарихтағы алғашқы ұпайымыз. Бұл жақсы нәтиже, бірақ жеңіске жетуіміз керек еді. Қарсылас ойын барысында бір ойыншысынан айырылған соң, біз шабуылды күшейтіп, қақпаға көбірек қауіп төндіруіміз қажет болды. Өкінішке қарай, сәл ғана сәттілік жетіспеді.”

Футболшының айтуынша, “Пафос” қорғанысқа көбірек мән берген, ал “Қайрат” сол қысымды бұза алмай қалған:

"Олар қорғанысқа жиналып алды. Мүмкін, егер ойынды тең құрамда жалғастырсақ, бізге оңайырақ болар ма еді. Ең бастысы — гол соғу жетіспеді. Бізде бірнеше тамаша мүмкіндік болды, бірақ соңғы соққы өтпеді,” – деді Грузин ойыншысы.

Сонымен қатар Зария “Қайраттан кетеді” деген қауесеттерді жоққа шығарып, командамен келісімшартты ұзарту жайлы да оң көзқарасын білдірді:

"Мен Алматыда өзімді жақсы сезінемін. Бұл клуб үшін бар күшімді салып ойнаймын. Қазір тек келесі ойынға дайындалу керек.” – деп түйіндеді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров