Жарнама
Жарнама

Георгий Кондратьев: «Қазақстан футболы дамып келеді»

23.09.2022, 16:28
Беларусь құрамасы топтық кезеңде соңғы орынға ие болды.
Жарнама
Жарнама

Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев Қазақстан құрамасымен болған матчқа (1:2) қатысты пікір білдірді:

– Қазақстанды жеңісімен және бірінші орын алып, «В» дивизионына көтерілуімен құттықтағым келеді. Қарсылас команда өте жақсы дайындалған, агрессивті ойын көрсетті. Сіздер В дивизионына көтерілуге ​​лайықсыздар деп ойлаймын.

Ойыннан барысында орын алған текетірестерде көп жеңілдік, ойынның шешуші сәтінде қателестік. Мен жігіттерден қақпа маңында ойнамауды өтінген едім. Нәтижесінде қысымның салдарынан екінші голды жіберіп алдық. Бірдеңе деп айту қиын. Екінші таймда біз өз ойынымызды көрсете алмадық. Біз жасаған ауысымдар шабуылдағы ойынымызды жақсарта алмады.

Бізге бұған дейін де Қазақстанда ойнау қиын болды, бірақ қазір бұл елдің футболы дамып келеді, мұны соңғы нәтижелеріңіз дәлелдеп отыр. Менің ойымша, сіздер дұрыс жолдасыздар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров