Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстанмен болатын матчқа дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды АБФФ ресми сайты.
- Соңғы ойында біз барлық көрсеткіштер бойынша қазақтардан асып түстік: соққылар, бұрыштамалар, допқа иелік ету... Бұл жолы да шабуылда ойнаймыз, біздің команданың жеңетіндей шамасы бар. Мен оларға қалай сенсем, жігіттер де өздеріне дәл осылай сенімді болса, бәрі ойдағыдай болады.
– Ұлттық құрамаға келген легионерлер өздерін қалай сезінеді?
– Олардың жағдайы жақсы деп нақты айта аламын. Олармен болған әңгімеге және біздің мамандардың талдауына қарағанда, жігіттер функционалдық жағынан матчқа дайын. Командада Қазақстан чемпионатының ойыншылары бар - бұл Эбонг, Поляков және Юденков. Олар бұл ойында маңызды рөл атқарады, өйткені аты аталған футболшылар Астанадағы алаңды жақсы біледі. Бұл жігіттердің тәжірибесі бізге пайдасын тигізеді.
Біздің серіктес: FONBET