Георгий Жуков: "Польша чемпионаты ҚПЛ-ден мықтырақ"

08.01.2020, 21:46

Жуырда ғана Польшаның "Висла" командасына ауысқан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков екі ел біріншілігі туралы пікір білдіріпті.

-"Менің пікірімше, Польша чемпионаты біздің біріншілікпен салыстырғанда мықтырақ. Менің "Висланы" таңдау себебім де осы. Өйткені, мен енді апта сайын жоғарғы деңгейдегі матчтарда алаңға шығу үшін барымды салып жаттығамын. Мен үшін ақша бірінші орында емес. Егер керегі сол болса Қазақстанда қала берер едім. Маған карьерамда өзгеріс жасау керек болды",-дейді "Қайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы.

Шыңғысхан Досмұхамбетов