Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ұлттық командағы біраз үзілістен қайтып оралғаны жайлы айтты.
Польша чемпионатында доп тебетін футболшы сондай-ақ, Уэльс және Лихтенштейн құрамаларымен болатын мачтар туралы пікірімен бөлісті.
«Қатты сағынып қалыппын, қуаныштымын. Осы ұсынысты көп уақыт күтіп, берілгем жоқ – бұл күннің туатынын біліп, мүмкіндік барын сездім. Осы күнді күтіп, жаттықтым. Былайша айтқанда, бір мақсат пен арманым орындалды. Арманым қайта орындалды, соған өте қатты қуаныштымын. Бапкерлік құрамға маған сенім артып, осындай мүмкіндікті бергені үшін алғыс айтамын.
Әрине, құраманың нәтижелеріне елеңдеп жүретінмін – Қазақстанның футбол тарихындағы ең табысты кезең болды. Словениямен сырт алаңдағы ойында кішкене сәттіліктің жетпей қалғаны-ай... Өте өкінішті. Енді осындай жетістіктің негізінде команданы жасақтап, болашақта топтан шығу үшін тағы таласып көру керек.
Уэльс – өте мықты команда. Қазақстанға өзінің ең жақсы бабында бару керек. Лихтенштейнмен де дәл солай, қазір оңай ойын жоқ. Шайқас болайын деп тұр және соған физикалық, психологиялық тұрғыда дайын болуы керек. Ұпай алудан үміттімз және соны іске асыруға тырысамыз», - деді Г. Жуков.
Георгий Жуков Польша Экстраклассасының өкілі «Пуща» командасында өнер көрсетеді. 2124/24 жылғы маусымда 6 матчта алаңға шықты. Футболшы мен польшалық клубтың келісімшарты 2026-жылдың маусымында дейін жарамды. 30-жастағы жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 600 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET