Жарнама
Жарнама

Германияның топ-клубы «Ақтөбе» жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда

06.11.2025, 14:19

Бізге келіп жеткен инсайдтық ақпарат бойынша, «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетке «Боруссия» Менхенгладбах клубының скауты ерекше қызығушылық танытуда.

Аян Байдәулет
Жарнама
Жарнама

Неміс мамандары алдағы бір жыл 19 жастағы футболшының өнерін жіті бақылауға алмақшы. Осы аралықта «Боруссия» өкілдері ақтөбелік ойыншының ойынын зерделеп, допты ұстауы, физикалық көрсеткіштері секілді компоненттерін бақылайды. Осы және тағы бірқатар көрсеткіштерде ілгерілеу болса Аянға жақсы ұсыныс жасауы ықтимал деген ақпарат бар.

Аян Байдәулет биыл ҚПЛ-де 14 ойында бір рет мергендік танытып, 2 ассист берген болатын. Сондай-ақ, «Ақтөбе» сапында Конференциялар лигасында 2 ойында алаңға шықты. Аян бұдан бөлек Қазақстанның түрлі жастағы жасөспірімдер мен жастар құрамаларында өнер көрсеткен. Футболшының нарықтық бағасы 75 мың еуро.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров