Германия ұлттық құрамасының бапкері Ханс-Дитер Флик қызметін сәтсіздікке қарамастан жалғастыра береді.
Бапкер өткен күндері DFB басшысы Бернд Нойендорфпен кездесіпті. Екі тарап кездесуінің соңы қол алысумен аяқталды.
Нойендорф:
"Бірге біз Еуро-2024 турнирін жеңеміз деп ойлаймын. Бұл турнирді ұту ел футболын жаңа деңгейге көтереді. Германия Ханс-Дитер Фликке сенеді".
Флик:
"Біз өзімізде өтетін Еуропа чемпионатын асыға күтудеміз. Команда ретінде үздік атану керек. ӘЧ сәтсіздік мен үшін үлкен сабақ болды. Сол сабақтан нәтиже шығарсақ, жақсы болар еді".
Катардағы мундиальда Германия тіпті топтан шыға алмаған еді.
Біздің серіктес: FONBET