Бүгін, 19 маусымда Португалия мен Германия құрамалары кездесті. Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матч Мюнхендегі (Германия) "Альянц Арена" стадионында өтіп, 4:2 есебімен немістер жеңіске жетті.
15-минутта есепті Португалия капитаны Криштиану Роналду ашты. Содан кейін 35 және 39-минуттарда номиналды алаң иелері өз қақпаларына гол соғып алды - Рубен Диаш пен Рафаэль Геррейро Патрисиу қорғаған қақпаны дәл көздеді. Екінші таймда Кай Хаверц пен Роберт Госенс Германияның есептегі басымдығын арттырды. 67-минутта Диогу Жота есеп айырмасын қысқартты - 4:2. "Аталантаның" жартылай қорғаушысы Робин Госенс матчтың үздік ойыншысы атанды.
"Неміс мәшінесі" осы жеңістің арқасында F тобында екінші орынға ие болды (3 ұпай), португалиялықтар үшінші орынға ығысты (3). Топтың көшбасшысы Франция құрамасы (4). Ал Венгрия соңғы орында (1) тұр.
Біздің серіктес: FONBET