Осы маусымның соңында еркін агент атанатын «Боруссия Менхенгладбах» пен Германия құрамасының қорғаушысы Маттиас Гинтер «Фрайбург» клубына ауысады, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің мәліметіне сенсек, қос тарар ауызша келісім жасасып қойған. 28 жастағы футболшы «Астон Вилла», «Бавария» және бірқатар италиялық клубтардың ұсынысын қабылдамады.
Еске салайық, Гинтер 2017 жылы «Боруссия» ойыншысы атанған болатын. Бұған дейін неміс қорғаушысы «Фрайбургте», сонымен қатар Дортмундтың «Боруссиясында» ойнаған. Германия құрамасымен бірге Гинтер әлем чемпионатында топ жарып (2014), Конфедерация кубогін иеленді (2017).
Біздің серіктес: FONBET