"Қайраттың" экс-жаттықтырушысы Алексей Шпилевский германиялық "Эрцгебирге" командасынан кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Маман 9 маусымда «Қайраттан» кеткен болатын, содан бері "Эрцгебирге" бапкері ретінде Екінші Бундеслигада төрт рет жеңіліске ұшырады және үш тең ойын өткізді.
Алексей Шпилевский "Қайратты" 2019-2021 жылдары жаттықтырды. Беларусь маманының жетекшілігімен алматылық клуб өткен маусымда ел чемпионы атанып, 2019 жылғы маусымда күміс медальға ие болды.
Біздің серіктес: FONBET