Гетце «Боруссия» үшін ойнамайды

24.06.2020, 01:38
Әлем чемпионатының финалында гол салған Марио Гетце команда іздейді.

"Боруссия" соңғы турда "Хоффенхайммен" ойнауы тиіс. Сол матчқа қатысатын футболшылар тізімінен Марио Гетце алынып тасталды. Себебі, оның жары Анна-Катерин мерзімінен бұрын босаныпты. Сондықтан да, клуб оны ертерек жіберіп отыр. Оның үстіне "Хоффенхайммен" болатын ойынның "араларға" еш керегі де жоқ. Олар Германияның күміс жүлдегері атанып қойды. Ал Гетце осы маусым аяқталысымен өзге клубқа кетеді. Мысалы Испанияның "Атлетико" Мадриді қызығушылық танытып отыр дейді "Билд" басылымы.