Геворг Гарникович Казарян
Армения құрамасы мен қарағандылық «Шахтердің» шабуылшысы Геворг Казарян «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында командада қалғысы келетінін айтты. - Қазіргі таңда «Шахтер» мен донецкелік «Металлург» арасында менің трансферім жайлы келлісөздер жүргізіліп жатыр. - Өзіңіз қай команданы таңдар едіңіз? - Әрине, «Шахтерде» қалғым келеді. - Басқа клубтардан ұсыныстар бар ма? - Бар. Ресей, Қазақстан және Украинадан ұсыныстар келген. Алайда, өзім «Шахтерде» мансабымды жалғастырғым келеді. Шахтер сапынды Геворг Газарян ішкі біріншілікте 3 рет,Ел Кубогында 3 рет,Чемпиондар Лигасының іріктеу ойындарында 5 рет,Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 4 рет алаңға шыққан.Армения Ұлттық құрамасында 35 рет алаңға шығып 9 рет мергендігімен көзге түскен. Абылайхан ЖҰМАШ