Жарнама
Жарнама

Геворг Наджарян армениялық клубқа ауысты

17.02.2022, 03:37
Шетелге аттанған қазақстандық футболшылардың саны көбеюде.
Жарнама
Жарнама

Армениялық «Пюник» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Геворг Наджарянмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Геворг Наджарян - «Шахтердің» түлегі. Ол 2016-2017 жылдар аралығында елордалық «Астана» сапында өнер көрсетті (4 матч). Ал қарағандылық клуб жейдесінде 113 матч өткізіп, 4 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.

Айта кетейік, Наджарян Қазақстан жастар құрамасында 20 кездесуге қатысып, бір гол соққан және Қазақстан құрамасы сапында бір ойын өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров