Жарнама
Жарнама

Геворг Наджарян: «Матч бойы өте мұқият болуымыз керек»

29.07.2021, 16:26
Бүгінгі ойын Арменияда көрерменсіз өтеді.
Жарнама
Жарнама

"Шахтер" клубының жартылай қорғаушысы Геворг Наджарян "Стяуамен" болатын матч алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Бізді қиын ойын күтіп тұр. Жігіттердің барлығы бұл матчқа жауынгерлік көңіл-күймен келеді және бар ынтасымен дайындалуда. Біз матч бойы өте мұқият болуымыз керек - қорғаныста сенімді ойнап және шабуылда салқын қандылықпен қимылдағанымыз жөн.

- Сіздің команда жауапты ойынды бейтарап аумақта өткізеді. Бұл румыниялық командаға артықшылық бере ме?

- Өкінішке орай, жағдай осылай болды және біз өз стадионымызда ойнау мүмкіндігінен айырылып қалдық. Бухарестте ФКСБ жанкүйерлері өз командасына жақсы қолдау көрсетіп, шабыт сыйлады. Бұл ішінара матч нәтижесіне әсер етті. Біз бейтарап алаңда көрерменсіз ойнаймыз. Бірақ біз күресеміз, алға ұмтылу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Бізде басқа амал жоқ.

- Геворг, Армения құрамасында ойнау туралы ұсыныстар болды ма?

- Әңгімелер болды, бірақ ресми шақырту болған жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров