Станимир Стойлов жаттықтыратын команда 6 ойын қатарынан жеңілмей келеді.
Өз алаңында 3:0 есебімен аяқталған кездесуде “Гезтепе” сапынан Хуан Сантос, Rhaldney және Сабра гол соғып, нәтижелі әрекетімен көзге түсті.
Осылайша Стойлов шәкірттері ішкі чемпионатта 6 ойын қатарынан қарсыластарына тізе бүкпей келеді. Бұған дейін, “Гезтепе” “Ризеспор”, “Фенербахче”, “Карагюмрук”, “Коньяспор” және “Кайсериспордан” ұпай жоғалтпады.
Қазіргі сәтте Измир ұжымының командасы 6-тур қорытындысы бойынша 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 2 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET