Жарнама
Жарнама

Гибралтар аралы – УЕФА мүшесі

27.05.2013, 19:32
Жарнама
Жарнама

УЕФА құрамына кіретін елдердің саны тағы біреуге артты. Президент Мишель Платини бүгін Еуропа футбол қауымдастығына Испания маңында орналасқан Гибралтар аралын ресми түрде қабылдады.

Гибралтар енді 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу жарысына жеке ел ретінде қатысады.

Бұл ел 2007 жылы УЕФА құрамына кіруге ұсыныс жасаған. Бірақ еуропалық футбол одағы бұл ұсынысты қабылдамай тастаған еді. Ал Гибралтар аралының иесі болып саналатын Испания егер бұл елді УЕФА құрамына қабылдаса, жарыстарға байкот жариялайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін УЕФА 2007 жылы бұл елді қатарға қоспаған еді. Енді 24 мамыр күні өткен УЕФА отырысында 29 мың халқы бар арал толыққанды УЕФА мүшесі болды. Дегенмен, іріктеу жарыстарында Испания мен Гибралтар аралдары ешқашан бір топқа түспейді.

File:Location Gibraltar EU.png   alaman.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров