Жарнама
Жарнама

Гёкереш үшін талас: “Арсеналдың” арманын “МЮ” тартып алмақ

21.07.2025, 15:30

Швециялық шабуылшы Виктор Гёкереш “Арсеналға” ауысады деп күтілген еді, алайда “Спортинг Лиссабонмен” келіссөздердегі кідірістер “Манчестер Юнайтедке” бұл трансферге араласуға мүмкіндік беріп отыр.

Жарнама
Жарнама

"Арсенал” мен “Спортинг” Гёкерештің трансфер құны мен төлемі бойынша ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізіп келген. Өткен аптада қос тарап шамамен 55 миллион фунт стерлинг + 8.6 миллион фунт көлеміндегі бонустарды қамтитын ауызша келісімге келген болатын. Алайда келісімшарттың нақты құрылымы бойынша ортақ шешімге келе алмауынан, трансфер ресми түрде бекітілмеді.

Португалиялық басылымдардың хабарлауынша, “Арсеналдың” ұсынысы қазір “қауіп төніп тұрған келісім” ретінде сипатталып отыр. €63.5 миллионнан €70 миллионға дейін өсетін ұсыныс “Спортингті” қанағаттандырмай отыр.

Осы сәтті “Манчестер Юнайтед” тиімді пайдаланып, 70-80 миллион еуро көлемінде жаңа ұсыныс жасағаны туралы “Record” басылымы жазды. Дегенмен, 27 жастағы Гёкереш өзі тек “Арсеналға” ғана ауысқысы келетіні айтылуда.

Осы трансферлік дауда “Спортингтің” президенті Фредерико Варандаш та өз пікірін ашық білдірді:

“Егер олар Гёкерештің нарықтық бағасын төлеуге дайын болмаса, біз оны тағы үш жыл клубта қалдыруға дайынбыз. Біздің клубтың мүддесінен ешкім жоғары емес. Бұл ойыншыға да, агентіне де қатысты. Қысым көрсету, бопсалау бізге жүрмейді.”

Гёкереш маусым алдындағы дайындыққа келуден бас тартып, айыппұл салынған. Ал Варандаш бұған:

“Мен ешқашан оған €60 млн + 10 млн еуроға кетуге уәде берген емеспін. Агенті бұл жағдайды одан әрі қиындатып отыр.” деп жауап қайтарды.

"Манчестер Юнайтедтің” араласуы осылайша Гёкерештің болашағын өзгертуі мүмкін болып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров