Жарнама
Жарнама

Гюндоган “Манчестер Ситиден” “Галатасарайға” ауыспақ

01.09.2025, 21:30

"Манчестер Сити" жартылай қорғаушы Илкай Гюндоганды сатуға келісімге келді. Sky Germany және трансфер маманы Фабрицио Романоның мәліметінше, Түріктің "Галатасарай" клубы Неміс футболшысын қатарына қосу үшін келіссөздің шешуші кезеңіне жеткен.

Жарнама
Жарнама

Ағылшын клубы мен Стамбұл командасы арасындағы келісім жасалып қойғаны белгілі. Енді тек ойыншының өзі жалақы мен жеке шарттарға байланысты "Галатасараймен” ортақ шешімге келуі қажет. 

Жазғы трансфер терезесі "Ситидің" тәжірибелі ойыншыларымен қоштасу кезеңіне айналды. Маусым басында Кевин де Брюйне клубтан кетсе, Эдерсон мен Мануэль Аканжидің де команданы тастап кетуі күтілуде. Енді бұл тізімге капитандық міндет атқарған, көпжылдық көшбасшылардың бірі болған Илкай Гюндоган қосылғалы тұр.

34 жастағы Неміс футболшысы бұған дейін "Галатасарайға” ойнауға қызығушылық білдірген еді. Түркия чемпионы оған жылына 5 миллион еуро таза жалақы ұсынуда. Бұл ұсыныс ойыншыға да, клубқа да тиімді.

Гюндоганның "Ситимен" келісімшарты тағы бір жылға жарамды. Ол өткен жылы күтпеген жерден "Барселонадағы" келісімін бұзып, "Манчестер Ситиге" қайта оралған болатын. Бұл қадам Каталондықтардың қаржылық дағдарысына байланысты жасалған еді.

Айта кетейік, бұған дейін "Галатасарай” Эдерсонды алу үшін ұзақ келіссөздер жүргізгенімен, нәтижесінде Бразилиялық қақпашы басты қарсыласы "Фенербахчеге" ауысатын болды.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров