Жарнама
Жарнама

Globe Soccer жылдың үздік бапкерін анықтады

28.12.2020, 06:14
«Бавария» бұл маманның басшылығымен требл жеңіп алды.
Жарнама
Жарнама

"Бавария" командасының бас бапкері Ханс-Дитер Флик Globe Soccer тұжырымы бойынша 2020 жылдың ең үздік бапкері деп танылды.

Үздік жаттықтырушы сыйлығына үміткерлер тізімінде Джан Пьеро Гасперини ("Аталанта"), Хулен Лопетеги ("Севилья"), Юрген Клопп ("Ливерпуль") және Томас Тухель ("Пари Сен-Жермен") бар болатын. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықтады.

Еске салайық, өткен маусымда "Бавария" Германия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасы мен ел кубогын жеңіп алған еді. "Ливерпуль" 30 жыл ішінде алғаш рет Англия чемпионы атанды, ПСЖ Чемпиондар Лигасының финалына шықты, ал "Севилья" Еуропа лигасында жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров