Жарнама
Жарнама

Гол соқпайтын шабуылшылар

27.11.2013, 14:54
Жарнама
Жарнама
Бүгін біз өз ішкі біріншіліктерінде бірде бір гол соқпаған 10 шабуылшыны назарларыңызға ұсынамыз, сонымен: 1.Александр Бухаров ("Зенит")- Ресей премьер-лигасында 241 минут бойы бірде бір допты қарсыластар қақпасына тулата алмапты. 2.Федор Смолов ("Динамо" Мәскеу)- бұл шабуылдаушы да Ресей премьер - лигасында 722 минут бойы бір гол соқпаған. 3.Дмитрий Сычев ("Волга")- ардагер футболшы Ресей премьер- лигасында 762 минут бойы тым құрығанда бір гол соға алмаған. 4.Лукас Барриос ("Спартак" Мәскеу)- бұл шабуылшы да 145 минут алаңға шығып бір гол соға алмаған. 5.Крэйг Беллами ("Кардифф")- Ағылшын премьер лигасында 957 минут бойы алаңда өнер көрсеткен нәтиже 0. 6.Серджо Флоккари ("Лацио")- Италияның А Сериясында 338 минут алаңда өнер көрсеткен,0 гол. 7.Амаури("Парма")- Амауриде 635 минут бойы алаңда жүріп, гол соқпағандардың қатарына еніп отыр. 8.Боян Кркич ("Аякс")- кезінде "Барселонада", "Миланда" өнер көрсеткен бұл футболшы "Аякста" 490 минут бойы гол соқпаған. 9.Юхан Элмандер ("Норвич")- Швециялық шабуылшы АПЛ де әзірге 409 минут бойы жолы болмауда. 10.Демба Ба ("Челс")- бұл қара маржан шабуылыда 165 бойы бір гол соға алмай әуре.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров