Жарнама
Жарнама

«Golden boy» сыйлығы кімге бұйырады?

21.11.2020, 19:01
«Алтын бала» атағын 27 гол соққан Холланд жеңіп алады.
Жарнама
Жарнама

"Боруссия Дортмунд" клубының 20 жасар норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холланд 21 жасқа дейінгі Еуропаның ТОП-10 чемпионаттарында ойнайтын ең үздік жас футболшыға берілетін беделді Golden Boy сыйлығын жеңіп алады. Бұл туралы сыйлықтың негізін қалаушы Tuttosport басылымы хабарлады.

Еске салайық, үміткерлердің тізімінде Эдуардо Камавинга ("Ренн"), Альфонсо Дэвис ("Бавария"), Серджиньо Дест ("Барселона"), Ансу Фати ("Барселона"), Фил Фоден ("Манчестер Сити") сияқты танымал футболшылар бар. Одан бөлек Каллум Хадсон-Одой ("Челси"), Деян Кулушевски ("Ювентус"), Джейдон Санчо ("Боруссия Дортмунд"), Сандро Тонали ("Милан"), Ферран Торрес ("Манчестер Сити") және Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид") да бұл тізімге енді.

Бұл сыйлықтың соңғы лауреаттары "Атлетико Мадрид" шабуылшысы Жоао Фелиш (2019), "Ювентус" қорғаушысы Маттиас де Лигт (2018) және "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе (2017) болды.

Естеріңізге сала кетейік, Эрлинг Холланд 2020 жылдың қаңтарында "Боруссияның" ойыншысы атанды, ол австриялық "РБ Зальцбургтен" 20 миллион еуроға ауысып, биыл барлық турнирлерде неміс клубы сапында 29 матч өткізіп, 27 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров