Жарнама
Жарнама

«Golden Boy» сыйлығына үміткерлер белгілі болды

16.06.2020, 06:11
Жылдың ең үздік жас ойыншысы кім болар екен?
Жарнама
Жарнама

Tuttosport 2020 жылы Еуропадағы жылдың ең үздік жас ойыншысы атағына үміткерлердің тізімін жариялады. «Алтын бала» сыйлығының иегері 21 жастан аспауы керек және Еуропа біріншілігінің жоғарғы дивизионында бақ сынауы керек. Жеңімпаз жетекші спорт басылымдарының журналистерінің дауыс беруі арқылы таңдалады.

Сыйлыққа үміткерлер қатарында Альфонсо Дэвис (Бавария, Канада), Ансу Фати (Барселона, Испания), Филип Фоден (Манчестер Сити, Англия), Эрлинг Холланд (Боруссия Д, Норвегия), Райан Сессеньон (Тоттенхэм Хотспур, Англия), Джейдон Санчо (Боруссия Дортмунд, Англия), Ферран Торрес (Валенсия, Испания), Винисиус Джуниор (Реал Мадрид, Бразилия), Каллум Хадсон-Одой (Челси , Англия), Родриго (Реал, Бразилия) т.б. ойыншылар бар. Тізімде барлығы 100 ойыншы бар.

Еске салайық, 2019 жылғы «Golden Boy» сыйлығын «Атлетико» жартылай қорғаушысы Жоао Фелиш алған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров