Жарнама
Жарнама

Golden Foot 2011 Гиггзға бұйырды

12.10.2011, 03:22
Жарнама
Жарнама
«Манчестер Юнайтед» командасының жартылайқорғаушысы Райан Гиггз Golden Foot 2011 сыйлығының иегері атанды. Жеңімпазды марапаттау салтанаты дүйсенбі күні Монте-Карлода өтті. Негізінен бұл атақты жасы 29-асқан, футболдың дамуна зор ықпал еткен ойыншылар алады. Үстіміздегі жылы мұндай атаққа Гиггзбен бірге Самюэль Это'О, Хавьер Дзанетти, Икер Касильяс сынды әлем футболының дамуна көп үлес қосқан ойыншылар да үміткерлер қатарында болды. Сонымен қатар, жүлделілер сапына Дэвид Бекхэм, Джанлуиджи Буффон, Дидье Дрогба, Карлес Пуйоль, Рауль және Хави да қосылыпты. 2003 жылдан бері сарапқа салынып келген бұл жүлденің иегерлері: Франческо Тотти (2010), Роналдиньо (2009), Роберто Карлос (2008), Алессандро Дель Пьеро (2007), Роналдо (2006), Андрей Шевченко (2005), Павел Недвед (2004), Роберто Баджо (2003) сияқты ала доп шеберлері алған болатын. Монте-Карлодағы кеште «Инетрдің» 38-жасар капинаты Хавьер Дзанетти да олжалы қайтты. Мәңгілік қажымайтын Хавьер «Футболдың аңызы» атты марапатқа ие болды. Дзанетти жоғарыда аталған сыйлықты алған бесінші аргентиналық ойыншы болдлы. Бұған дейін, тап осы жүлдені Диего Марадоны (2003), Альфредо Ди Стефано (2004), Марио Кемпеса (2007) және Франсиско Варальо (2010) қанжығаларын майлаған. Уалихан ҚОСАНБАЙ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров