Жарнама
Жарнама

Голдың тең жартысын егіздер соққан

“Оңтүстік Академиясында” Мағжан және Біржан есімді нәтижелі егіздер өнер көрсетуде.  

Жарнама
Жарнама

Мағжан мен Біржан Тоқтыбайлар 2004 жылдың 28 сәуірінде дүниеге келген. Футболға бір уақытта қатысқан егіздер, уақыт өте "Оңтүстік Академиясының" маңызды мүшесіне айналды. Бір қызығы, екеуі де шабуыл шептің ойыншылары. Биылғы Бірінші лига аясында Біржан мен Мағжан бас-бастарына 16 матчтан өткізді. Егіздердің голдық нәтижерлерін қосқанда, “Оңтүстік Академия” соққан голдардың тең жартысын құрап шығуға болады. Айта кетсек, Шымкент ұжымы қарсыластарына 17-турда 33 гол соққан. Бұл көрсеткіш бойынша Академия ұжымы көп ұжымнан қалыспайды. Әрине, бұның барлығы жас талант Мағжан мен Біржан Тоқтыбайлардың арқасы деп білеміз. 

Айтпақшы, келесі маусымнан бастап егіздер және олардың командаласы қорғаушы Әли Тұрғанов “Ордабасы” сапында өнер көрсетеді. Аталған футболшылар 23 маусым күні Шымкенттің басты ұжымымен келісімге келіп қойған болатын. Ал оған дейін Біржан, Мағжан, Әли осы маусымда “Оңтүстік Академиясында” тәжірибе жинақтайды. 

Жоғарыда аттары ерекше аталған футболшылар Шымкент футболының жарқын жұлдыздары болады деген үміт мол. Қазірдің өзінде негізгі құрамнан ойып тұрып орын алған жігіттер, еліміздің Жастар құрамасына да шақыртылып келеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: