Жарнама
Жарнама

Голландиялық жанкүйерлер Римдегі тәртіпсіздіктер үшін 16 айға сотталды (ВИДЕО)

20.02.2015, 19:53
Жарнама
Жарнама
Италияда Еуропа Лигасының «Роммен» (1:1) 1/16 финалының бірінші матчы алдында Римдегі жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған «Фейеноорда» жанкүйерлер тобына қатысты үкім шықты. Үш жанкүйер 16 айға сотталды, тағы алты адам 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sports.ru порталы AD.nl-ге сілтеме жасап.
18 ақпанда Римде голландиялық клубтың 33 жанкүйері ұсталды, ал 19 ақпанда, матч күні тағы 20 адам тұтқындалды. Екі жанкүйер қамаудан босатылды, дегенмен олар 40 мың еуро төлеуі тиіс. Тағы алты адам жарты жыл түрмеге қамалудың орнына 45 мың еуродан төлейді. Еске сала кетсек, Римге Роттердамнан 5 мыңнан астам жанкүйер келді. Ал қаладағы тәртіпті қамтамасыз етуге 1300 римдік полицей жұмылдырылды.   BNews.kz сайтынан
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров