Жарнама
Жарнама

Голландиямен ойнап, Чехияны ойлаймыз

09.10.2014, 22:43
Жарнама
Жарнама
10726486_731155140287443_1842797440_n 10721233_731152603621030_1255085021_nГолландия - Қазақстан құрама командаларының арасындағы ойынды көруге Амстердам қаласына ат басын тіредік. Қасымызда "Спорт.кз" сайтының тілшісі Ануар Абдрахманов. Астанадан алдымен Белорусь астанасы Минскке келіп қонып, онда үш сағаттай дем алып, Минск-Амстердам рейісіне отырдық. Оның алдыңғы күні "Алматы туры - 2014" жарысында болып, Алматыдан елордаға поезбен келген болатынмын. Сонымен, соңғы екі күнім тек жол жүрумен өтті. Журналисттердің әдеттегі жағдайы емес пе? Жолға көп уақыт жұмсап жүрміз. Амстердамнан бір-екі рет жол-жөнекей ұшқаным болмаса, арнайы келіп аралаған қалам емес еді. Әуежайдан түсісімен таксиге отырып, қонақүйге тарттық. Такси жүргізушісі Ауғанстан азаматы болып шығып, азды-кем орысша сөйлейді екен. Қала тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, біз орналасқан ауданның мұсылмандар кварталы екендігін ескертті. Орналасып болған соң аймақты аралап шықсақ, шынымен де түріктер мен франциядан келген мұсылман азаматтары мұнда өте көп екен. Түріктердің дөнері мұнда көзге оттай басылады. Жергілікті тұрғындар Голландия - Қазақстан арасында футбол матчы болатынын біледі, бірақ матчты стадионнан көруге аса қатты құштар емес. Олар көбінесе мықты қарсыласқа қарсы өтетін матчтарды ұнатады екен. Бірақ, Құрама команда Әлем чемпионатынан кейін өз алаңында ресми ешқандай матч өткізбеген. Қола жүлдегерлердің қазіргі жағдайын олар аса қатты мықты деп бағалап та тұрған жоқ. Мысалы, бір басылымда сұқбат берген Пьер Ван Хойдонк қазақстан құрама командасы гол соғып кетуі ықтимал деп есептеп, кездесу есебі 3-1 болып, оның отандастары жеңіске жетеді деп есептйді. Голландияның сырт алаңда Чехияға ұтылғанын көпшілік мамандар қорғаныстың әлсіздігіне жабуда. Ал Яп Стам болса бас бапкер Гус Хиддинк команда күшін келесі Исландияға қарсы өтетін сырттағы матчқа сақтап қалады деп отыр. 10719260_731155146954109_1398072076_nТағы бір басылымында Самат Смақовтың жарақатына байланысты бұл матчқа қатыса алмайтыны айтылған. Оның фотосы да көлдей болып, газеттің жарты бетін алып тұр. Сонымен қатар, Қазақстанда жемісті қызмет еткен Арно Пайперстің пікірі жарық көрген. Және "Тараз" футбол клубының футболшысы Сигурни Банджар туралы да ақпарат бар. Ол Голландия чемпионатында ойнаған соң, Арноның шақыртуымен жамбылдық командаға алынған болатын. Бірақ, чемпионат басында қолын сындырып алып, қазір жасыл алаңға оралудың қамын қарастырып жүр. Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножанның осы матчқа Нөсербаев, Исламхан секілді футболшыларды шақыртпауының сыры неде? Мүмкін, Голландияға қарсы тұрып, негізгі ойыншыларды шаршатқанша, оларды өз алаңдағы ойынға сақтап қалды ма? Астанада өтетін Чехияға қарсы ойынды маңыздылығы жағынан жоғары қойып отырған да секілді біздің бапкер. Хиддинкте стратег бапкер. Бірақ, оған әрбір ойында ұпай керек. Сондықтан да Исландияға ауыр сапар шегіп, ондағы ойында ұпайдан айырылмау үшін мүмкін кейбір мықтыларды Қазақстанға қарсы ойында шығармайтын да шығар. Мінекей, жалпы ойын алдында осындай қиялдар мен болжамдар құрылуда. Красножан "Анжи" командасының бапкерлік қызметінен кеткен соң, оның орнына Гус Хиддинк қызметке кіріскен болатын. Ал одан кейін Красножан "Теректі" баптағанда "Анжиге" қарсы, яңғи Хиддинк командасына қарсы матчтар өткізген болатын. Сондықтан да, қос бапкердің араысында жекелей кездесулер бар деген сөз. Айтпақшы, матчты сіздер "ҚазСпорт" және "Қазақстан" ұлттық арналарынан түнгі сағат 00-45-те тамашалай аласыздар. Тікелей эфирді жүргізетін комментаторлар Ермек Төрениязов пен Тимур Сүлейменов.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Амстердам, Нидерланды

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров