Жарнама
Жарнама

Горовенконың дебюті сәтті болды

02.07.2020, 02:51
Бұл турда да сенсация болды. «Шахтер» қонақта үш ұпайға ие болды
Жарнама
Жарнама

«Шахтер» Премьер-лиганың үшінші турының матчында Шымкенттік «Ордабасыны» 0:1 есебімен жеңді.

Бірінші таймда гол көре алмадық. Ал матчтағы алғашқы және жеңісті голды голды 64 минутта Жереми Манзорро соқты. Матчтың соңы трагедияға ұласты. 75 минутта алаң иелері сапынан Абдуллай Диакате екінші сары қағаз алып ойыннан қуылды. Ал бұған жауап ретінде 80 минутта Жереми Манзорро да симуляция жасағаны үшін қызыл қағаз алды. Осылайша 10 ойыншымен қалған екі команда да қалған 10 минутта гол соға алмады.

Бұл матчтан кейін "Шахтер" турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды. 6 ұпай жинаған Горовенко шәкірттері 4 орынға тұрақтаса, Шымкенттік "Ордабасы" 4 ұпаймен 7 орынға түсіп қалды.