Жарнама
Жарнама

Гранит Джака “Байер Леверкузеннен” әлі салынбаған қаладағы жаңа клубқа ауыспақ

15.07.2025, 18:15

Гранит Джака "Байер" клубынан Сауд Арабиясына жол тартпақ. Тәжірибелі жартылай қорғаушы инновациялық жобамен танымал "Неом" қаласында жаңадан құрылатын клубқа ауысуға келісім берді.

Жарнама
Жарнама

"Неом" — Сауд Арабиясының ортасында, 170 шақырымға созылатын "сызықтық мегаполис” жобасы аясында салынатын қала. Қазіргі таңда құрылыс кезеңінде тұрған бұл аймақтағы клуб болашақта Таяу Шығыстағы ең заманауи және инновациялық футбол жобаларының бірі болмақ.

Неом жобасы және "сызықтық қала":

"The Line" (сызық) деп аталатын бұл мегаполис – Сауд Арабиясының болашақтағы ірі кешенді жобасы, шөл далада салынады деп жоспарланған. Ұзындығы 170 шақырым, ені небәрі 200 метр, ал биіктігі 500 метр болмақ.

Қала — көлденеңінен созылған, көк тіреген алып ғимарат түрінде жобаланған. Яғни, бұл — ұзындығы жүздеген шақырымға жететін, біртұтас зәулім құрылыс болып тұрғызылатын ерекше мегаполис.

Қала ішінде автокөлік болмайды, тек жаяу жүру, жасыл технологиялар, экологиялық үйлесім сақталады.

Қалада 1 миллионнан астам адам тұрады деп күтілуде.

Ішінде құрылыстар, сауда орталықтары, демалыс аймақтары, парктер және жасанды интеллект арқылы басқарылатын инфрақұрылымдар орналасады.

Гранит Джака дәл осы "сызықтық қала” жобасындағы "Неом” клубына ауысқалы жатыр. Бұл клуб әлі ресми түрде құрылмағанымен, Сауд Арабиясы оны әлемдегі ең заманауи және инновациялық жобалардың бірі ретінде таныстырып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров