"Қайрат" бас бапкері ағылшындық маман Джон Грегори өз орнын босатып қалуы ықтимал дейді бейресми ақпарат көздері. Олардың айтуынша ағылшындық маман, енді Қазақстанның 1-лигасында жұмыс істемейтін шығар. Кезінде "Астон Вилланы" жаттықтырған Грегори үшін бұл ұят дүние болар еді дейді көпшілік қауым.
Грегори кеткеннен кейін команда басына кім келуі мүмкін деген сұрақ осы күні алматылық жанкүйерді жиі мазалап жүр. Кандидаттардың ішінде Д.Огай, С.Волгин секілді мамандар аталуда. Бұл тізімге жақын арада В.Масудовтың да қосылуы әбден мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET