Грекияның журнлисі Гиоргос Челакис «Vesti.kz» сайтына берген сұқбатында Грекия-Қазақстан ойыны жайлы пікірін білдірді.
«Грекияның іріктеуден тікелей жолдама алатын мүмкіндігі болған. Алайда, Нидерландымен өткен шешуші бәсекелерде жолы болған жоқ. Қазір жағдай одан ары қиындай түскен. Екі маңызды матчты ұту керек. Қазақстан, Грузия мен Люксембург ең мықты қарсылас емес, бірақ олар қазір өте қауіпті. Бұл командалар тарихи жетістікке жақын, сондықтан барын салады. Әр ойынның ауыр болатыны анық. Грекияның деңгейі мен жанкүйер қолдауы шешуші рөл ойнайды деп есептеймін. Барлығы Грекия құрамасының жинақылығына, жауапкершілігіне байланысты. Қарсыластарға шекеден қарауға болмайды. Егер оған жол берсе, Грекия құрамасы Қазақстанға есе жібереді», - деді Челакис. Айта кетейік, Грекия мен Қазақстан 21 нен 22 не қараған түні Афиныда кездесу өткізеді. Қай жеңгені Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен Еуроның жоладамасына таласады.
Біздің серіктес: FONBET