Жарнама
Жарнама

Грекиялықтар қақпамызға жауапсыз он гол салды

17.04.2015, 23:57
Жарнама
Жарнама
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан УЕФА-ның даму кубогында 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы жермек-жексен болып жеңілді.  Бұл додада Қазақстанан бөлек, Грекия, Әзірбайжан және Грузия қыздары өнер көрсетуде. Қазақстан футболшылары алғашқы ойында Грекиядан 0:10 есебімен ойсырай ұтылды. Екінші ойында алаң иелері Грузия қақпасына жауапсыз бес доп соқты. Бүгін біздің қыздар Әзірбайжанмен кездеседі. Айта кетейік, осының алдында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы да қатысып, үш матчта жеңілген болатын. 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы: Қақпашылар - Фарида Сырлыбай (Ақтөбе), Дана Алмасбай (Астана). Қорғаушылар – Әсем Жақсыбай (Ақтөбе), Ольга Волкова (БИІК), Рано Ақбаева (Ақтөбе), Дана Сұлтанбекова (Көкшетау), Құндыз Қожахмет (Ақтөбе), Айша Садықова (БИІК). Жартылай қорғаушылар – Арайлым Орынбасарова (БИІК), Мәдина Әмірбек (БИІК), Анастасия Низамутдинова (БИІК), Виктория Попкова (БИІК), Айдана Серікбай (БИІК), Лаура Оразметова (Ақтөбе), Арай Қожан (БИІК). Шабуылшылар – Светлана Вахитова (БИІК), Аида Смағұлова (Астана), Айдана Жәутікова (Ақтөбе). Жаттықтырушылар штабы: Аға жаттықтырушы - Данияр Қайырбаев, аға жаттықтырушының көмекшісі – Орынбасар Дәуренбекова, қақпашылардың жаттықтырушысы - Наталья Прилепа, Дәрігер – Ләззат Базарбаева.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров