Жарнама
Жарнама

Грецияда демалып жүрген Эрлинг Холанд бірнеше сағат ішінде 500 мың еуро жұмсады

26.06.2021, 23:33
Бұл 20 жасар футболшының бір айлық жалақысы болып табылады.
Жарнама
Жарнама

Грецияда демалып жүрген дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд бір күн ішінде өте көп қаржы жұмсады.

Sportime порталының хабарлауынша, футболшы 5-6 сағатқа созылған кешкі асқа 500 мың еуро төлеген. Оған Холандтың өзі де, оның достары да қатысты. Сонымен қатар шілде айында 21-ге толатын шабуылшы сол жердің қызметшілеріне алғыс ретінде 30 мың еуро қалдырып кеткен.

Өткен маусымда норвегиялық шабуылшы Бундеслиганың 28 матчында 27 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген болатын. Ал оның командасы үшінші орынды иеленіп, Чемпиондар Лигасына жолдама алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров