"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян команданың қазіргі құрамы мен алдағы жоспарлары туралы ашық айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкердің сөзінше, клубқа әлі де болса жаңа ойыншылар қажет.
Бабаян команданың толық жасақталмағанын жасырмады. Оның айтуынша, қазіргі таңда ұжымда ішкі бәсекелестік жетіспейді, кем дегенде 4-5 позиция бойынша бәсекелестік мүлдем жоқ.
Клуб академиясының тәрбиеленушілері өздерін жақсы қырларынан көрсетуде. Тіпті 1-2 ойыншы негізгі құрам үшін таласуға дайын.
Дегенмен, жас футболшыларға Премьер лига деңгейіне үйрену үшін уақыт пен көмек керек, өйткені лигалар арасындағы айырмашылық өте үлкен.
Бас бапкер клубтың тарихы мен Еуропадағы беделіне тоқталып, биік белестерді бағындыру үшін сапалы трансферлердің маңыздылығын атап өтті.
"Астана" — 2013 жылдан бері тек жоғары мақсаттарды көздеп келе жатқан клуб. Қазақстанда да, Еуропада да бәсекеге қабілетті болу үшін бізге міндетті түрде күшею керек. Командадан қаншама ойыншының кеткенін бәрі біледі. Қазір біз инвестор күтіп отырмыз.” — деді Григорий Бабаян Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET