"Астана" ФК бас бапкері Григорий Бабаян кеше ҚПЛ-дің 7-туры аясында "Ақтөбеге" қарсы өткен матч соңында өз ойымен бөлісті
"Ең бірінші кезекте бізге қауіпті сәттерден нәтиже шығара алмауымыз бен өз алаңымыз жетіспей жүр. Біз барлығымыз осы жылы "Астана-Аренада" өнер көрсетудің сәті түседі деп үміттенеміз. Үйіңнен, жанкүйерлеріңнен жырақта ойнау қиын",- деген болатын Григорий Бабаян.
Айта кетейік, жетінші турда "Астана" сырт алаңда "Ақтөбемен" жолығып, тең тарқасты. Бірінші таймда елордалықтар сапынан Исламбек Қуат көзге түссе, 77-минутта Идрис Умаев таразы басын теңестірді. Сонымен, жеті турдан кейін қос ұжым 11 ұпаймен екінші және үшінші орындарға қатар жайғасқан. Көш басында - "Тобыл".
Біздің серіктес: FONBET