"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян Бауыржан Исламханның 2026 жылғы маусымда да елордалық клуб сапында өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкердің айтуынша, футболшы кеше ғана команданың оқу-жаттығу жиынына қосылған. Бабаян келісімшарттың қаржылық немесе құқықтық детальдарына тоқталмағанымен, ойыншының спорттық бабына жоғары баға берді:
"Бауыржанның бізге қандай күйде келгені және қазіргі деңгейі маған жақсы таныс. Ол бізбен бірге жарты жыл бойы жұмыс істеп, толықтай оңалтудан өтті. Біз оны қатарға қостық.” — деді бас бапкер Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET