Григорий Бабаян кеше Конференциялар лигасының төртінші турында португалияның «Витория Гимарайнш» командасына қарсы өткен ойын жайлы айтты (1:1).
Алматыда болған бәсекеде елордалықтар бір ұпайды қанжығасына байлады.
«Өте қиын кездесу. Қарсылас деңгей жағынан жоғары, көптеген компоненттер тұрғысынан олар жылдам болды, әсіресе бірінші таймда. Біздің жолымыз әрине, болды, олар гол соғатындай өнер көрсете алған. Десе де, матч соңында доп өткізіп алу өкінішті-ақ. Алайда, біздің де жылдам шабуылдайтын мүмкіндіктеріміз болған. Сосын бізге «Астана Аренаның» атмосферасы жетіспеді, ол жерде біз ойынды жеңіске дейін жеткізе алар едік, онда ойнау ешкімге де оңай соқпайды. Енді ары қарай жұмыс істейміз, барлығы «Челсимен» болатын бәсекені күтуде, бұл шынымен бағалы матч. Алматыда көпшілік «Челсидың» жағында бола ма? Қазақстанда «Челсидің» фан-клубтары бар. Бірақ, егер сен патриот болсаң, өзіңнің командаңа жанкүйер болған дұрыс шығар», - деді Г. Бабаян мырза.
Астана» бірінші турда сербиялық «ТСЦ Бачка Тополаны» 1:0-мен ұтса, қалған екі кездесуде уэльстің «ТНС» командасы (0:2) мен кипрдің «Пафосынан» ұтылды (0:1). Бесінші турда елордалықтар Алматыда «Челсиді» қабылдамақ. Ал турнирдегі соңғы матчын 19-желтоқсанда Кипрде «Апоэльге» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET