"Астана" футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Кубогінің 1/8 финалдық кезеңіндегі "Жеңіс" - "Астана" арасындағы кездесуі жайлы ойын айтты.
Айта кетейік, Кубоктік дербиде "Астана" 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Кездесудегі жалғыз доптың авторы Рамазан Каримов (5-мин). Астаналық клубтың бас бапкері кездесу соңында былай деген еді: "Алаңның сапасын ескерсек, алғашқы 15 минут пен толық екінші таймды жоғары деңгейде өткіздік. Жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Жылдам гол салдық және тағы да соғуға мүмкіндік болған. Жалпы айтқанда жақсы ойын көрсеттік, бірақ біз үшін ең маңыздысы, психологиялық тұрғыда жеңіске жетіп, келесі кезеңге өту болатын".
Григорий Бабаянның" Астанасынан бөлек сондай-ақ кеше, "Қайрат","Тобыл" мен "Атырау" командалары да өз қарсыластарын ұтып, ширек финалға өтті.
Біздің серіктес: FONBET