«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян КЛ 3-іріктеу кезеңінің бірінші матчының қарсаңында ой-пікірімен бөлісіп, командасының мақсатын айтты.
Елордалық клуб бүгін сырт алаңда швейцариялық «Лозанна» клубымен шеберлік байқасады. Бәсеке біздің уақытпен 23:15-те басталады.
«Біз «Зимбрумен» ойнағаннан кейін осында қалып, дайындалдық. Матчқа келсек, «Лозаннаның» барлық биылғы ойындарын қарап, талдадық. Маусымның ортасында олар жаңа бапкер тағайындады. Ол жоғары қарқынды, жоғары прессингке негізделген футбол ұстанады. Алаңның барлық бөлігінде қарсыласқа қысым жасауға тырысады. Бұл – біз үшін өте қиын матч болайын деп тұр. Қарсылас сапында шебер футболшылар көп, сондықтан бірінші минуттардан-ақ қысымға төтеп беруіміз қажет. Жанкүйерлер де өз командасын қолдайды. «Астана» бұл жұптың фавориті деп ойламаймыз. Қарсыластың күші бізге белгілі. Швейцария лигасы – біз үшін өте мықты чемпионат. Біз бірінші минуттан бастап қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін күресеміз»,- деді 45 жастағы маман ойын алды баспасөз мәслихатында.
Командалар бір аптадан кейін Астанада жауапты ойында қайта жолығады.
Біздің серіктес: FONBET