Кеше түнде Конференциялар лигасының аясында «Астана» клубы сырт алаңда Швейцарияның «Лозаннасына» 1:3 есебімен жол берді. Елордалық ұжымның бапкері Григорий Бабаян сырт алаңдағы жеңілістің артықшылығын да айта кетті.
«Біз тым көп қателік жібердік. Мұндай деңгейдегі матчтарда біз бұған жол бере алмаймыз. Бірақ 3:1 есебіне жеткізген гол бізді қарымта ойын алдында ынталандырып, жігерлендірді. Бұл гол көп нәрсені өзгертіп, көңіл-күйімізді жақсартады. Біз Лозаннадағы ойынды талдадық. Осы бейсенбіде алаңда қалағанымыздай ойнай алмадық. Енді Астанада жақсырақ өнер көрсетіп, осы жеңілістен сабақ аламыз деген сенімдеміз. Астанада көріскенше!», – деді астаналық команданың бас бапкері Григорий Бабаян.
Қарымта ойын 14 тамызда Астанада өтеді. Еске сала кетейік, бұл жұптың жеңімпазы плей-офф кезеңінде «Бешікташ» (Түркия) — «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET