Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян «Астананың» бас бапкері болып тағайындалды

13.09.2022, 18:27
Бабаян 2012-2019 жылдар аралығында елордалық клубта жұмыс істеді.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» бас бапкері қызметіне Григорий Бабаян тағайындалды.

Отандық маман бұған дейін елордалық клубта 2012-2019 жылдар аралығында команданың бас бапкері және оның көмекшісі ретінде еңбек еткен.

«Астана» клубы Григорий Константиновичпен бірге Қазақстанның бес дүркін чемпионы, ел Суперкубогі мен Кубогінің иегері атанды, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті, сонымен қатар еурокубоктің 1/16 кезеңіне шықты.

«Астанадан» кеткен соң Бабаян «Тобылды» баптады, ал 2021/22 жылғы маусымда мәскеулік ЦСКА командасының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров