Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян: «Бұдан да көп гол соғуға болар еді»

20.05.2021, 16:49
«Тобыл» сапында жарақат алған футболшылардың барлығы қатарға қайта оралды.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян «Қызыл-Жармен» болған ойын (2:0) туралы пікірімен бөлісті: 

- Мұндай тығыз қорғанысты бұзу әрдайым қиын. «Қызыл-Жар» жаұсы қорғанды, барлық ойыншылары өз жарты алаңдарында болды. Бірінші таймдағы қарқынымыз баяу болды, бірақ гол соғып, үзіліске дейін есепте алға шығу үшін қауіпті сәттер жасай алдық.

Екінші таймда өте сапалы өнер көрсеттік. Тез ойнадық, доптан айырылып қалсақ, дереу қайтаруға тырыстық. Бұдан да көп гол соғуға болар еді, өкінішке орай мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Бірнеше ойыншыны мәжбүрлі түрде ауыстырдық, алаңдайтын мәселе жоқ деп үміттенемін.

Зорана Тошичқа келсек, ол бүгіннен бастап командамен бірге жаттығу жұмыстарына кірісетін болады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров