Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян: «Кез-келген бапкер ұлттық құрамада жұмыс істеуді армандайды»

24.03.2022, 16:07
Бабаян алдағы уақытта Қазақстан құрамасына келуге дайын болатынын мәлімдеді.
Жарнама
Жарнама

Қазіргі уақытта ЦСКА клубын жаттықтырып жүрген Григорий Бабаян Sports.ru сайтына берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасын баптау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

- Карпович тағайындалғанға дейін ҚФФ-ның жаңа президенті сізбен хабарласып, ұлттық құрама тізгінін ұсынды деген ақпарат шындыққа жанаса ма?

- Әділет Бәрменқұловпен мұндай әңгіме болған емес.

- Ұсынса ше?

- Қазір командада жаттықтырушы бар. Бұл ретте менің кандидатурам туралы мәселені талқылау мүлдем дұрыс емес.

- Болашақта Қазақстан құрамасын жаттықтырғыңыз келе ме?

- Әрине, кез келген бапкер өз елінің негізгі командасында жұмыс істеуді армандайды. Ұлттық құраманы баптау мүлдем басқа жұмыс. Мен бас бапкер болып істеген клубтарда, яғни «Астана» мен «Тобылда» команда құрып, нәтижеге жету үшін ұзақ уақыт керек болады.

Жоғары орындар үшін күресетін және Қазақстанның намысын Еуропада лайықты түрде қорғайтын команда құру үшін күн сайын клубтағы ұйымшылдықты жақсартуға, ойыншыларды жетілдіріп, деңгейін көтеруге тырысасыз. Ұлттық құрамада жұмыс мүлде басқа, команданы дайындауға 4-5 күн ғана уақыт бар. Мен мұндай жұмыстың жауапкершілігін түсінемін және сіз ұзақ уақыт бойы бас жаттықтырушы болып жұмыс істеп, тәжірибе жинақтасаңыз және сізді күшті психолог деп санаса, онда сіз ұлттық құрама үшін ең қолайлы үміткерсіз деп ойлаймын. Бірақ бұл тәжірибемен келеді. Мұның уақыты келеді деп үміттенемін, сол кезде мен бұл сынаққа дайын боламын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров