"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян "Ордабасымен" (1:1) өткен ойыннан соң шағын сұхбат берді:
– Команданың бірінші таймда көрсеткен өнеріне көңілім толған жоқ. "Ордабасы" бізден жақсы ойнады. Екінші таймда жылдамырақ, жинақы қимылдадық. Гол соғатын бірнеше мүмкіндіктерге ие болдық. Есеп ашқан соң да оны еселейтін сәттер болды. Ары қарай ойыншы алаңнан қуылып, ауттан гол жіберіп алдық. Қарымта шабуыл кезінде де алға шығатын сәтті жоғалттық. Соған қарағанда бүгінгі ойында жеңіске жету мәртебесі бұйырмай тұрған шығар. Ойын алдында жігіттерге мақсат-міндеттеріміз туралы сөз қозғап, кез келген жағдайға дайын болуымыз керектігін баса айттым.
– Ауа райы ойынға әсер етті ме?
– Біріншіден, ауа-райының қолайсыздығына байланысты біз Шымкентке бес сағаттық кідіріспен ұшып келдік, қонақ үйге түнгі сағат екіде жеттік. Сонымен қатар қатты жел командаларға өз ойындарын көрсетуге кедергі келтірді. Бірақ ақталудың реті жоқ, мүмкіндіктерімізді мүлт жібермеуіміз керек еді.
Біздің серіктес: FONBET