Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян: «Өте маңызды ойындар күтіп тұр» 

25.05.2021, 16:42
Қостанайлық клуб келесі турда сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян "Шахтермен" өткен ойыннан соң шағын сұхбат берді: 

– Бүгін күн ыстық болды, бұл ойын жылдамдығына айтарлықтай әсер етті. Бізге қорғаныста сауатты ойнау маңызды еді, сондықтан бірінші таймда қарсыластар допқа көбірек иелік етті. Қарымта шабуылдарға иек арта ойнағанымыз да сол себепті. 

Бізді тығыз ойын кестесі күтіп тұр. Төрт күннен соң тағы бір кездесу бар, ертең Қостанайға ұшамыз. 29 мамырда "Ақтөбеге" қарсы ойнаймыз, демалу үшін екі күн ғана уақытымыз бар. Осы ойынға жақсылап дайындалуымыз қажет. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров