Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян: «Қазақстанда сапалы легионерлерді көбейту қажет»

02.11.2021, 23:31
Бабаян мырза ҚПЛ деңгейінің төмендегенін айтты.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» бұрынғы жаттықтырушысы, ЦСКА бапкерлік штабының мүшесі Григорий Бабаян Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының аяқталған маусымы туралы айтып берді:

- Өткен чемпионаттың соңында мені ешнәрсе таң қалдырған жоқ. Командалардың деңгейі қаржылық ресурстардың жоқтығынан түсіп жатыр. Мен тағы да күшті легионерлердің маңыздылығын атап өткім келеді - олар қазіргіден де көп болуы керек. Оған қоса инфрақұрылымды дамыту керек, мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавлдағы стадионды қайта жөндеуді жоспарлап отырғанын, «Шахтер» стадионының жөндеуден өткенін, «Тобылдың» енді жөндеп жатқанын білемін. Одан бөлек, «Астана Арена», Алматыда және Ақтөбеде жақсы стадиондар бар, сондай-ақ Түркістанда жаңа аренаны айтуға болады.

Оған қоса түсірілімді жақсартып, бірнеше аналитикалық бағдарламалар ұйымдастыру қажет. Жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасау керек, мұндай жағдайда көрермендер саны бірден артады деп сенемін, өйткені Қазақстанда футбол өте танымал спорт түрі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров