"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-лиганың екінші турында "Ақтөбемен" өткен ойын (1:1) туралы пікір білдірді:
- Бұл өте жүйке тоздырар, және көп тәртіп бұзулар орын алған матч болды. Бірінші таймда біз ұйымшылдықпен ойнадық, іс жүзінде біздің қақпамыздың алдында қауіпті сәттер болған жоқ. Біз де өз кезегімізде көп мүмкіндік жасаған жоқпыз, бірақ қарсылас қақпасының маңында екі қауіпті мүмкіндік жасай алдық.
Екінші таймда орталық қорғаушылардың қателігіне байланысты гол жіберіп алдық. Бірақ қайта күш жинап, бұл голға жауап қайтардық. Есеп теңескеннен кейін ашық футбол басталды. Біз көп шабуылдадық, бірнеше қауіпті сәттер жасағанымызбен, өкінішке орай, оларды жүзеге асыра алмадық. Шабуыл шебіндегі ойыншыларға үлкен сұрақтар туындайды. Маған команданың артқы шепте бос кеңістік қалдырғаны, ашық ойнағаны, көп тәуекелге барғаны ұнамады, сол себепті ақтөбеліктер бірнеше гол соғатын мүмкіндік жасай алды.
Жалпы, матч позициялық күреске толы болды, допты алып өз футболымызды ойнауға тырыстық, бірақ бәрі ойдағыдай болмады. Екі команда да соңына дейін күресіп, мінез көрсетті және тең ойынға лайық болды. Бәрібір, бұл дерби, бұрыннан келе жатқан қарсыластартың ойыны екенін ескерсек, осындай қарқынды матч болады деп күткен едім. "Ақтөбе" - таңдаулы ойыншылардан құралған жақсы команда.
Қазір ұлттық құраманың матчтарына байланысты үзіліс басталады. Біздің командадан еліміздің ұлттық құрамасына 7 ойыншы шақыртылды. Біздің клубтың атынан Қазақстан құрамасына 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алдағы ойындарында сәттілік тілеймін.
Біздің серіктес: FONBET