Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян: «Шабуылдарымыз сәтсіз аяқталғандықтан, «Локомотив» жеңіске жетті»

01.08.2021, 21:59
Бұл ойынға отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов қатыспады. Ол қосалқы құрамда қалды.
Жарнама
Жарнама

ЦСКА жаттықтырушысы Григорий Бабаян Ресей Премьер-лигасының 2-турында «Локомотивтен» (1:2) жеңілуіне не себеп болғанын айтып берді:

- Біз бірінші таймда өз қақпамызға өте жақын ойнадық. Әрине, бұл біздің тактика емес еді, бірақ матч осылай өрбіді. Допты бақылау тұрғысынан да бәрі ойдағыдай болған жоқ, допты тартып алғаннан кейінгі бірінші пас дұрыс берілмей жатты. Біз қарсы шабуылға тез шыға алмадық - бірінші таймдағы бар мәселеміз де осы.

Біздің қақпамыздың маңында көптеген мүмкіндіктер болды деп айтпаймын, бірақ біз өте төмен қорғанып, жинақы ойнадық. «Локомотивтің» біздегідей бір-екі мүмкіндігі болды, бірақ тұтастай алғанда, қарсылас допқа иелік ету жағынан әлдеқайда басым болды, дегенмен қауіпті сәттер туындата қоймады.

Екінші таймда, кейбір ойыншылардың алаңға шығуымен біз ойынды өзгерте алдық - есеп 1:2 болған кезде де мүмкіндіктер болды, гол соғатын үш-төрт эпизод болды, бірақ, өкінішке орай, бұл мүмкіндіктерді іске асыра алмадық

Жалпы, егер біз салқын қандылықпен ойнасақ, тең нәтижеге қол жеткізер едік. Бізде көбірек мүмкіндіктер болды, әсіресе екінші таймда; соққылар жағынан да және егер сіз статистикаға қарасаңыз, шабуылдың барлық бөлігінде гол соғатын жарқын сәттер болды. Өкінішке орай, шабуылдар сәтсіз аяқталды - мұндай жағдайлар футболда болып тұрады.

Біз міндетті түрде тең ойнынға лайықты болдық! Ал жеңіс ше? Бұл қиын сұрақ - мүмкіндігімізді голға айналдырсақ, жеңетін едік. Бірақ гол соға алмадық, нәтижесінде ұтылдық. Екінші тур аяқталды, біз жұмысты жалғастыруымыз керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров